Компания жайында

«ҚАЗФИЛЬТР» ЖШС жүк таситын, арнайы және жеңiл техника үшiн ауа, май және жанармай сүзгiлерiн өндiретiн Қазақстандағы бiрiншi кәсіпорын. Кәсiпорынның жобалық қуаты - 1 миллион дана бұйым. Зауыт дүниежүзілiк стандарттарға сай өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи озық технология және кұралдармен жабдықталған.

Кәсіпорын тек импорттық сүзгіш материалдарын қолдана отырып өзінің жоғары сапалы өнімдерін шығаруға шешім қабылдады. Техникалық көрсеткіштері жағынан аты дүние жүзіне танымал брендтердің өнімдерінен кем түспейтін жоғары сапалы өнім осы шешімнің нәтижесі.

«ҚАЗФИЛЬТР» ЖШС кәсібінің басты бағыты - кен өндіру, жүк таситын және коммерциялық, ауылшаруашылығы машиналары, жол-құрылыс және басқа да арнайы техникада қолданылатын сүзгіштер өндіру. ҚАЗФИЛЬТР өнімдері орнатылған техника аса ауыр жағдайларда қолданылатындықтан сүзгіштердің қызмет мерзімінің ұзақ, олардың сенімді болуын және қозғалтқыштың ластанудан мүмкіндігінше жақсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы технологиялардың қолданылуы шарт. Бұл мәселе «ҚАЗФИЛЬТР» ЖШС тарапынан толығымен шешілген.